Ақмола облысында карантин талаптарын бұзғандар анықталды
Ақмола облысында карантин талаптарын бұзғандар анықталды. Мобильді топтар демалыс күндері той, еске алу астарын өткізген нысандардың жұмысын әшкереледі. Атбасар ауданында және Көкшетау қаласында қыз ұзату өткізілген. Мейрамханаларға "ашық" қосымшасы арқылы жұмыс істеуге болады. Алайда көпшілік іс-шараларды ұйымдастырғанда адам санына қатысты шектеу сақталмай отыр.
Руслан Ысқақов, Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Көкшетауда карантин талаптарын бұзған 9 нысан анықталды. Олардың барлығына әкімшілік айыппұл салынады. Қазіргі уақытта Ақмола облысы жасыл аймақта. Бірақ босаңсуға болмайды. Санитарлық шектеулерді қатаң сақтау керектігін тағы ескертеміз.
Шымкенттегі HAYAT тойханасында карантин ережелерін елемей, 250 адамның басын қосып, үйлену тойын өткізгендер анықталды. Мейрамхана қызметкерлері мен даяшылар бетперде тақпай қызмет көрсеткен. Карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген азаматтан түсініктеме алынды. Хаттама толтырылып, құзырлы органға жолданды.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: Бүгін - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16.03.2026, 10:15
Ливанда шабуылдан қаза тапқандар саны 800-ден асты
16.03.2026, 10:12
Трамп өзге елдерден Ормуз бұғазын ашуға көмектесуді талап етті
16.03.2026, 10:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
16.03.2026, 10:10
Сарапшы: Жастардың белсенділігі жоғары
16.03.2026, 10:09
Мажарстан Парламентінің депутаты референдум жайлы пікір білдірді
16.03.2026, 10:07
ШЫҰ миссиясы референдумға дайындықты жоғары бағалады
16.03.2026, 10:06
Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады
16.03.2026, 10:05