Қазақстандықтар сәбилеріне Наурыз мейрамымен байланысты есімдер беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар сәбилеріне Наурыз мейрамымен байланысты есімдер беруде

20.03.2014
Қазақстандықтар сәбилеріне Наурыз мейрамымен байланысты есімдер беруде
Қазақстандықтар сәбилеріне Наурыз мейрамымен байланысты есімдер беруде, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.  
 
2013 жылдың 22 наурызында туған 25 сәби Наурыз мейрамымен байланысты есімдерге ие болған. Олардың  7-іне - Наурыз, 9 сәбиге – Наурызбек, 6 сәбиге – Наурызбай, 3 сәби Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан деген есімдерге ие болған.
 
Мерекеге байланысты ат қоюдан Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірлерде  дүниеге келген - 5 сәбиге, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында – 3 сәбиге, Ақтөбе және Атырауда – 2 сәбиге, Шығыс Қазақстан облысында 1 сәбиге мерекеге байланысты есім берілді.

Хабарламаларға жазылу