Керекудің кербез сұлу Майрасы
Наурыз мерекесіне орай Павлодарда «Керекудің кербез сұлу Майрасы» атты байқау өтті. Атақ-даңқы алты Алашқа тараған халқымыздың ардақты тұлғасының бірі Майраның небәры 13 жасында Керекудің әнші-гармоншы қызы атанғаны белгілі. Ол қазақ ән өнерін дамытуға баға жетпес үлес қосты.
Әнші, гармоншы, кербез, сұлу, сәнқой, шаруақор. Бұл атаулардың барлығы бір Майраның бойынан табылған. Ол Әміре Қашаубаев, Қажымұқан Мұнайтпасұлы, Иса Байзақовтармен замандас болды. Тек ән ғана емес, өткір сөз, уытты қалжың, тапқыр сөздерімен аты шықты. Тіпті, заты әйел бола тұра сал-серілік дәстүрді ұстанған.
Талжібек Атамбек, Ж. Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының әртісі:
Ата дәстүрден аттап кете алмай өмірі еркіндікті аңсап өткен Майраның бір қырын көрсеткіміз келіп тұр бүгін.
Мазмұны терең, тілі өткір. Ұлттық музыка қазынасында сирек кездесетін «контральто» қоңыр даусымен салған Майраның бұл әні бүкіл қазақ жеріне тарады. Ол 37 жасында қайтыс болды. Қысқа ғана ғұмырындағы бейнесі ұрпаққа үлгі болып қалды.
Әсел Ботайева, И.Байзақов атындағы Ұлттық филармонияның әншісі:
Майра Шамсутдинованың бейнесі арқылы ғасырдан келе жатқан біздің салт-дәстүрімізді сабақтай отырып бүгінгі қыз-келіншектердің бейнесін, нағыз қазақ қыздарының бейнесін көрсету үшін конкурсқа қатыстым.
Наурыз - құт-береке басы. Шығармашылығымен қатар әйел затына тән жан сұлулығы, сырлы сезім, асқақ талғамы бар Майрадай қыз өсіріп, келін тәрбиелеу ақ жаулықты аналарға аманат.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10