Зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер елді сабырға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер елді сабырға шақырды

05.01.2022

Зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер елдің тыныштығы мен береке-бірлігіне алаңдаулы. Олар жұртшылықты ақыл мен сабырға шақырып, байыппен іс-әрекет етуге жұмылу керектігін жеткізді. Қысылтаяң тұста, айтаққа еріп арандап қалмауға үндеді.

Жеңісбек Мәуленқұлов, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
«Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» деген халқымызда жақсы сөз бар. Ағайын, ақылға жүгінейік, сабырға келейік. Бәрі жөнделеді. Сол үшін ынтымақ, бірлік керек. Еліміздің келешегінің жақсы болуына бірге жұмылайық.
Қайрат Кемалов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер: 
Қазір өздеріңізге белгілі халықтың талап, тілегіне орай шұғыл түрде үлкен, үлкен шаралар қолға алынып жатыр. Бірлігімізді, амандығымызды сақтап, мемлекетіміздің іргесін ойлап,ашу-ызаға бой алдырмай, осындай игілікті шаралардың артын ойлап, сабыр сақтаған жөн болар деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу