Алматылық зиялы қауым өкілдері жұртшылықты сабырлы болуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық зиялы қауым өкілдері жұртшылықты сабырлы болуға шақырды

04.01.2022

Тыныштық - қазақтың баға жетпес байлығы. Ел ішіндегі әр істі ақылға салып шешкен жөн. Тату тірлік пен ауызбіршілік ауадай қажет. Осылай деген алматылық зиялы қауым өкілдері жұртшылықты сабырлы болуға шақырды.
Дулат Исабеков, Жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Халықтың пікірімен санасуға тиіспіз. Менің тек қана қауіптенетінім, арасына арандатушылар кіріп кетпесін. Адамдардың өзі тоқтатуға тиіс. Мемлекет халқымен санасып, қызмет етуі керек. Монополистердің бағаны қымбаттатуына жол бермеуі тиіс.осы шараларды жүзеге асырады деп есептеймін.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Әр уақытта елдің тыныштығы керек. Арандатушылар көп. Соларға ермеңіздер.
Сіздерді мен жақсылыққа шақырамын, тыныштыққа шақырамын. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу