Зиялы қауым өкілдері Жаңа жылды үйде қарсы алуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялы қауым өкілдері Жаңа жылды үйде қарсы алуға шақырды

09.12.2020

Еліміздің зиялы қауым өкілдері мен өнер саласының саңылақтары алдағы жаңа жыл мерекесін ұжым болып емес, үйде отырып қарсы алуға үндеу тастап жатыр. Өйткені жұқпалы індет көпшілік жиналған жерде тез таралатыны осыған дейін талай айтылып келе жатқандықтан, жұрт оған құлақ асса екен дейді.

Жанұзақ Аязбеков, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы:
Жаңа жыл десе, ешкімнің нұсқауынсыз-ақ жұрт қазірден бастап шыршасын, сый-сыяпатын дайындай бастады. Енді жаңа жылдық басқосу деген бар. Осы жерде үлкен сақтық керек ағайын. Жаңа жылымыз жақсылық әкелсін десек, сақтықты ұмытпайық, мерекені үйде қарсы алайық!

Хабарламаларға жазылу