Қарағандыда медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

09.06.2015
Қарағандыда медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

Қарағандыда медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі шара биыл 17-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Облыстың барлық аймағынан келген мыңнан астам дәрігер 17 командаға бөлініп, жарысқа түсті. Жеңіл атлетика, үстел теннисі және шағын футбол мен тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен қарым-қабілеттерін ортаға салды.

Ақ халаттылар жиналған қауым алдында салауатты өмір салтын осылайша насихаттады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу