«Balapan» телеарнасы халықаралық анимация күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» телеарнасы халықаралық анимация күнін атап өтті

30.10.2017

Балаларға - базарлық! «Balapan» телеарнасы халықаралық анимация күнін атап өтті. Кешке арнада көрсетіліп жүрген анимациялық мультфильмдердің кейіпкерлері қатысып, балақайларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер арна жүргізушілерімен кездесіп, олармен жақынырақ танысты. Шарада бүлдіршіндер би билеп, өнерлерін көрсетті. Жалпы, «Balapan» телеарнасы 7 жыл бұрын ашылғанымен де, осы уақытқа дейін 30-дан астам анимациялық туынды дайындап үлгерген. Ал, Қазақстанға бұл сала кешеуілдеп келгенімен, қарқынды дамып жатыр. Бүгінде әр мультфильм бір жылға жуық уақыт аралығында әзірленеді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу