Алматыда бозбаланы жабыла сабағандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бозбаланы жабыла сабағандар анықталды

30.12.2021

Алматыда бозбаланы жабыла сабағандар анықталды. Төбелес қаладағы Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Ауыр соққы алған азамат ауруханаға жеткізілді.

Видеоны желіге жүктеген адамның айтуынша інісін бір топ жігіт көшеде жабылып ұрып кеткен. Салдарынан таяқ жеген азамат емдеу мекемесінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр дейді.

Полиция департаментінің хабарлауынша осы тәртіпсіздік бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның мән-жайы зерттелуде. Аяусыз ұрғандардың кім екені анықталыпты. Енді оларды ұстау шаралары жүргізіледі дейді тәртіп сақшылары.


Хабарламаларға жазылу