Алматыдағы «Алтын Орда» базарында 100 теңге үшін қос жігіт төбелесіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Алтын Орда» базарында 100 теңге үшін қос жігіт төбелесіп қалды

30.03.2021

Тұрақ үшін төбелес. Алматыда екі азамат «Алтын Орда» базарының маңында 100 теңге үшін жұдырықтасып қалған. Әлеуметтік желіге таратқан видео авторының сөзінше, бүгін таңертең базарға келген көлік жүргізушісінен тұрақ үшін ақша сұраған. Алайда қалтасында 20 мың теңгенің бар екендігін, 100 теңгені телефонына аударайын деген тұрғынның сөзіне тұраққа жауапты азамат келіспеген. Артынша екеуі бір-біріне бас салып, жаға жыртысқан. Ақыры ақша төлемей, жүргізуші кері қайтуға мәжбүр болды. Ал базар маңында жүргендер көліктің жолына кедергілер қойып, жан-жақтан шабуыл жасаған. Алматы облыстық полиция басқармасының мәліметінше, зардап шегушілерден арыз-шағым түспеген. Дегенмен, «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 Зардап шегуші: 
Арамызда жанжалдың болғаны рас. Тұраққа жауапты азамат маған пышақ ала жүгірді. Сосын мен де ашуға булықтым. Бірақ бір топ адамның маған жабыла кеткенін түсінбедім. Оларды жауапқа тартпақшымын.


Хабарламаларға жазылу