Петропавлда спортшы жаттығу алаңында қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда спортшы жаттығу алаңында қайтыс болды

17.10.2023

Петропавлда жаттығуға барған 18 жастағы спортшы қайтыс болды. Қайғылы оқиға 19:00 шамасында «Қарасай» стадионына қарама-қарсы футбол алаңында болған. Қатты соққыдан спортшы жасанды көгалға баспен құлаған. Жедел жәрдем қызметі ес-түссіз жатқан бозбаланы облыстық балалар ауруханасына апарды. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлердің айтуынша ол бас ми жарақатын алған және жүрегі тоқтап қалған.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу