Ақтөбеде университет алдында студентті пышақтап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде университет алдында студентті пышақтап кеткен

06.02.2020

Ақтөбеде тағы да бозбаланы пышақтап кетті. Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің екінші курс студенті дәл оқу орнының алдында екі жерінен жарақат алған. Оны кездейсоқ біреулер өз күштерімен ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер науқастың кеуде қуысынан және сол жақ аяғынан жарақат алғанын айтады. Дереу операция жасалды.

Оқиғаға қатысы барлар ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. 

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу