Маңғыстау облысында 11 мыңға жуық жеткіншек үйірмелерге тегін қатысуда
Маңғыстау облысында спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелер келер жылы да мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 134 млн теңге қарастырылды. Қазір аймақта аталған бағдарлама аясында 11 мыңға жуық жеткіншек үйірмелерге тегін қатысуда.
Ақтаулық Гүлшара Қибасованың 2 бірдей ұлы боксқа қатысады. Көп балалы ана ай сайын 16 мың теңге төлеп келді. Ал, қазір мемлекеттің қолдауымен балалары сүйікті спортының қыр-сырын тегін үйренуде.
Гүлшара Қибасова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Түске дейін бір балам, түстен кейін бір балам келеді. Зал өте таза, жақсы жағдайда. Жақсы жағдайда өткізеді тренировканы. Бұрын ақылшы түрде айына 8 мыңнан төледім. Қазір енді қыркүйек айынан тегін келіп жүр.
Облыста қыркүйек айынан бастап балалар үйірмелерге тегін барып жүр. Бүгінде 5 мыңға жуық жеткіншек спорттық, 6 мыңнан астам бала шығармашылық үйірмелерге қатысады. Биыл аймақта шығармашылық бағыттағы қосымша оқуға - 270 млн теңге, спортқа - 130 млн теңге бөлініп игерілген.
Асылбек Дүйсенов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
Керемет тиімді бағдарлама.ата-аналар енді енді үйреніп бастап жатыр. Бір сөзбен айтқанда цифровизация ғой. Цифровизацияны көріп естіп, балаларын сол үйірмелерге апарып, қазіргі таңда 5 мыңға бала жуық айналысады бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.
Өңірде жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасына сұраныс артып келеді. Сол себепті келесі жылы шығармашылық үйірмелерде -7 мың, спорттық секцияларда 8 мыңға жуық баланы қамту жоспарда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04