Киберқауіпсіздікті сақтамағандарға айыппұлды өсіру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киберқауіпсіздікті сақтамағандарға айыппұлды өсіру керек

28.12.2021

Қазақстанның кибер шабуылдарға қарсы қорғанысы күшейіп келеді. Әлемдік көрсеткіште 5 жыл бұрын 118-орында тұрсақ, былтыр 40, ал биыл 31-орынға жайғастық. Бірақ интернет алаяқтар да айласын асырумен келеді. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік саласында жауапкершілікті көтеру керек.

Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын талқылау кезінде айтылды. Яғни салғырттық танытқандарға салынатын айыппұл мөлшері аз.

Мысалы, жыл басынан бері 56 жоспардан тыс тексеріс өтіп, 30 лауазымды және 5 заңды тұлға жауапқа тартылды. Барлығының арқалаған айыппұлы 2 млн 800 мың теңге. Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек енді осы соманы көтеру туралы ұсыныс білдіреміз деп отыр.

Хабарламаларға жазылу