БАҚ өкілдеріне салынатын айыппұлды азайту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдеріне салынатын айыппұлды азайту керек

28.02.2014
БАҚ өкілдеріне салынатын айыппұлды азайту керек
Қылмыстық Кодекстегі жала жабу және қорлау секілді баптарды алып тастау керек. Бүгін бірқатар журналистік ұйым өкілдері бас қосып, осындай ұсыныс жасады.
 
Олардың айтуынша, мұндай жағдай   журналистерге қолбайлау болып отыр. Отырыста сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне салынатын айыппұлды азайту керек, ғаламтор туралы заңды да қайта қарау қажет, деген пікірлер ортаға салынды.
 
Жиын барысында баспасөзді мемлекеттік қаржыландыру, мемлекеттік тапсырыстың ашықтығы туралы да сөз болды.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу