Бауыржан Момышұлы туралы кітап түрік тілінде жарық көрді
Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы кітап түрік тілінде жарық көрді. Анкарадағы Қазақстан елшілігінде өткен «Түркістанның от баласы» атты кітаптың таныстырылымында автор Ашур Өздемир шығарманың ерекшеліктеріне тоқталды.
Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде батырдың балалық шағы, отбасы және соғыстағы өмірі жайлы айтылса, екінші бөлімде шығармалары мен әр салаға қатысты ой-пікірі жинақталған. Ал кітаптың үшінші бөлігінде мақалалары мен әскери естеліктері, сонымен қатар хаттары топтастырылған.
Түрік жазушысы Ашур Өздемир бұған дейін Абай, Әлихан Бөкейханов, Шерхан Мұртаза сияқты қазақтың бірқатар тұлғаларының шығармаларын аударып, өмір тарихын зерттеп жүрген қаламгер.
Ашур Өздемир, автор:
Жазылып біткенше екі жылдай уақыт кетті. Қызық әрі отты адам. Бір қалыпты, айтқанынан қайтпайтын, қайсар адам болған соң, түрік оқырманының көңілінен шығады деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03