Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Пандемия 2022 жылы аяқталуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Пандемия 2022 жылы аяқталуы керек

23.12.2021

Әлемде пандемия 2022 жылы аяқталуы керек. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Дегенмен оның сөзінше, коронавирус дағдарысы әрі қарай созылып кетуі де мүмкін. Өйткені, бақуатты мемлекеттер вакцинаны жер-жаһанға тең бөлуге асықпай, ең алдымен өз тұрғындарына үшінші дозаны салуға кірісіп кеткен.

Гебрейесус айтқандай, екпенің күшімен пандемияны тоқтатуға үміт бар. Алайда бұл шарада әділдік болмаса, бірде-бір ел өз бетімен ковид эпидемиясынан шығу үрдісін жеделдете алмайды екен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу