ДДСҰ: Еуропадағы коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Еуропадағы коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін

24.01.2022

«Омикрон» штамы Еуропадағы коронавирус пандемиясының соңы болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағы бойынша бюросының директоры Ханс Клюге осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, «омикронның» тез таралуы тоқтағаннан кейін, ковидке қарсы ғаламдық иммунитет пайда болады. Ағзаның қорғаныс жүйесі вакцина салғаннан және ковидпен ауырғаннан кейін қалыптасады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, «ковид-19» жыл соңына таман қайта оралуы мүмкін. Дегенмен ол пандемияға соқтырмайды.     

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу