Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

23.12.2021

«Ауа райының нашарлауы мен жолдардың жабылуына қатысты ескертулерді елеп жүріңіздер». Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қазақстандықтарға осындай үндеу жасады.  Қыс басталғалы бері еліміз бойынша 173 дауылды ескерту жарияланып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдар 35 рет жабылған. Алайда кей азаматтар ескертулерді елемегендіктен, 74 адамды эвакуциялап, 27 адамды құтқаруға тура келген. Жаңа жыл алдындағы күндері құтқару бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дегенмен Юрий Ильин ұзақ сапарға шықпас бұрын ескертулерге мән беріп, азаматтарды өз өмірлерін қауіпке тікпеуге шақырды. Сондай-ақ министр Жаңа жылды тойлау кезінде де қауіпсіздік ережелерін ұмытпауды ескертті.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Азаматтардың мәдениеті артып жатыр. Сондықтан жыл сайын пиротехиканы қолдану кезіндегі оқыс оқиғалар азайып келеді. Егер 2000 жыл басында 100 адамға дейін зардап шексе, қазір 10-20 адамдай тіркеледі. Дегенмен пиротехника құралдарын дұрыс қолданбаудың салдарынан жылда 2-3 өрт оқиғасы болып тұрады. Сондықтан жасөспірімдердің қолдануына рұқсат етпеу керек.


Хабарламаларға жазылу