Тель-Авивтегі елшілік Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тель-Авивтегі елшілік Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады

09.10.2023

Тель-Авивтегі елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, арнайы үндеу жасады. «Қауіпсіздік жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Израильдегі елшілігі барша, әсіресе, елдің оңтүстігіндегі қазақстандық азаматтарды Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіз жерлерде отырып, ресми билік хабарлағанға дейін сонда қалуға қатаң кеңес береді» - деді. Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі шұғыл байланыс телефондарын іске қосты. WhatsApp чатында кеңес беріп, қолдау көрсету үшін арнайы қызметкерін тағайындаған. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің шұғыл байланыс телефондары экранда көрсетілген.

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің шұғыл байланыс телефондары:

+972 (3) 741 78 05 (кезекші)

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp)

+7 700 111 31 96 (whatsapp)

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу