Алматы мемлекеттік циркі балдырғандарға арнап жылдық шоу бағдарлама ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы мемлекеттік циркі балдырғандарға арнап жылдық шоу бағдарлама ұсынды

22.12.2021

Балаларға базарлық. Алматы мемлекеттік циркі карантиннен кейін алғаш рет жаңа жылдық шоу бағдарлама ұсынды.

Кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Қар ханшайымы» ертегісі жұмбақ пен ғажайыпқа толы. Сиқырлы әлемге саяхат жасайтын шоу бағдарлама үшін арнайы сценарий жазылған. Әртістерге жаңа костюмдер тігіліп, ерекше реквизиттер дайындалған. Қойылымда балғындардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, тағылымды тәрбие беру жағы да ойластырылған. Жаңа бағдарламада цирк, театр, музыка және би өнерінің үздік дәстүрлері жинақталған.

Бақыт Бөкебаев, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:

Цирктің қойылымды драматургияны цирк өнерімен байланыстырып, аспанда ұшып жүрген әртістермен, жануарламен келтіруде үндестік болу керек. Ол болмаса, өнер көрінбей қалады.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу