Алматыда Багдасаровтардың «13-ші әлем» атты циркі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Багдасаровтардың «13-ші әлем» атты циркі басталды

20.06.2018

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде Карина және Артур Багдасаровтардың «13-ші әлем»  атты циркі басталды. Цирк ұжымының басты ерекшелігі - арыстандардың өнер көрсетуі. Багдасаровтардың жас арыстандары кішкентай көрермендерді жаңа қойылымдарымен баурап алмақшы. Өйткені, биыл 2 және 3 жастағы арыстандардың жаңа өнері ұсынылмақ. Айта кетейік, «13-ші әлем» атты шоу бағдарлама 1 шілдеге дейін жалғасады. 

Кирил Горбунов, «13-ші әлем» цирк-шоуының ұйымдастырушысы:

- Біздің шоу бағдарламамыздың басты ерекшелігі, Карина мен Артур Багдасаровтардың арыстандары. Бұлар әлемдегі ең жас цирк әртістері. Арыстандармен жұмыс жасау әрине, оңай шаруа емес. Сондықтан, келушілерге өте қызықты нөмірлерімізді көрсетуге уәде береміз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу