«Еркін сөз» байқауын осымен екінші рет ұлттық арна тілшісі жеңіп алды. Бұл жолы Амангелді Сейітхан бәсекелестерін шаң қаптырды. Жеңімпаздың көтерген мәселесі – цифрлық технологиялар арқылы қалта қағатын алаяқтар жайында. Қазылар алқасы материалдың көкейтестілігіне әрі сауатты жеткізілгеніне мән берген. Осылайша бас жүлдеге – 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыратын шығармашылық дода жыл сайын өткізіледі. Қазақстандық қаржы және банк саласы бойынша тақырыптар таразыға салынады. Телевизиялық нұсқадан бөлек, байқауда ана тілі газетінен «үздік мақала», ал азаттық рухы сайтының журналисі «сайттағы үздік мақала» номинациясын жеңіп алды.
Нәзия Жоямергенқызы, түркітілдес журналистер қорының президенті:
Еркін сөз байқауының биылғы ерекшелігі қайтпас сапарға аттанған аға-әпкелерімізді еске алу және солардың атына сыйлық тағайындау.
Еркін сөздің басты мақсаты қаржылық сауаттылықты арттыру яғни журналист өзі қаржылық сауаттылығын арттыра отырып халыққа да осындай жақсылық жасауды мақсат еткен болатынбыз.