Рахат Жақсыбай: «Қазақия-2015» байқауын түрлі бағытта жалғастыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахат Жақсыбай: «Қазақия-2015» байқауын түрлі бағытта жалғастыруға болады

23.04.2015
Рахат Жақсыбай: «Қазақия-2015» байқауын түрлі бағытта жалғастыруға болады

«Қазақия-2015» блог-сапар байқауының жеңімпаздары анықталды.

11 сәуірде Алматыдан басталған сапар Сарыөзек, Үштөбе, Аягөз, Риддер, Семей, Ақсу, Екібастұз, Теміртау, Жаңаарқа, Жезқазған станцияларында жалғасты.

Жолжазбаларды Қазақстандағы танымал блогерлерден құралған топ өкілдері бағалады. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі оқырмандар пікірі де ескерілді.

Осы үдеден шыға білген Ұлттық арна тілшісі Нұрбек Бекбау бірінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға 200, 300 және 500 мың теңге көлемінде сыйақылар табысталды.

 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу