Ұлттық арна тілшісі Индира Бегайдар «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тілшісі Индира Бегайдар «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы атанды

27.06.2018

«Нұр Отан» партиясының журналистерге арналған дәстүрлі шарасы биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға ел бойынша 200 қатысушыдан 800-ден астам жұмыс келіп түскен. Оның 85 пайызы мемлекеттік тілде. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Ең үздік тележурналист ретінде «Көзқарас» жүлдесін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тілшісі Индира Бегайдар жеңіп алды. Сондай-ақ, өзге де телеарна, газет, сайт журналистері «Халық дауысы», «Сөз шебері», «Сөз зергері», «Медиа-профи» аталымдарында топ жарды. Биылғы байқаудағы басты ерекшелік – «Партиялық жаңғыру», «Астанаға – 20 жыл», «5 бастама», «Рухани жаңғыру», «Майталман» сыйлықтары бірінші рет берілді.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу