Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып, қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып, қайтыс болды

21.12.2021

Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай осыдан бірнеше күн бұрын «Евразия» спорт кешенінде болған.

Баласын бассейнге әкелген анасы ұлын суға жүзу үйірмесінің жаттықтырушыларына тапсырып, өзі кіреберіс залда күтіп қалған. Бірақ жеткіншек суға батып жатқанда сол жерде жүрген инструктор да, бапкер де оны байқамаған. Судан шыға алмай, тұншығып қалған бала бассейнде жан тапсырды. Қазір полиция жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.


Қызылорда

Хабарламаларға жазылу