Сенат «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды қабылдады

20.12.2021

Елімізде Омбудсмен қызметіне араласуға заң бойынша тыйым салынбақ. Уәкіл айрықша қоғамдық маңызы бар жағдайларда тікелей Президентке, Парламент Палаталары мен Үкіметке өтініш жасай алады. Бүгін Сенат отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасын қаралды.

Құжатты талқылау барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізді. Сенат қабылдаған түзетулер Омбудсмен қызметі кепілдіктерінің жекелеген мәселелерін нақтылауды көздейді. Осылайша депутаттар заң жобасының негізгі нормаларын қолдай отырып, оны түзетулермен Мәжіліске қайтарды.

Сенат «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңды қабылдады

Сондай-ақ бүгін Сенат «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңды қабылдады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген заң жобасы бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайтуды көздейді. Өнеркәсіптік-инновациялық кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Заң жобасы еліміздегі өнеркәсіпті дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастырады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Мемлекет басшысы жақында өткен «Алтын Сапа » және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын мараппатау рәсімінде «Өнеркісіптік саясат» туралы Заң қабылдаудың аса маңызды екенін атап өтті. Осы ретте бүгін қабылданған заңдар өнеркәсіптік-инновациялық кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз етуді және өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді. Сондай-ақ, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жүйелі шаралары айқындалады. Заңдарды қабылдау отандық өнеркәсіпті жаңғыртуға тың серпін береді деп сенеміз.

Берік Көшербай


Сенат Өнеркәсіптік саясат туралы

Хабарламаларға жазылу