Семей мен Курчатов қалаларында көктайғаққа байланысты сабақ тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей мен Курчатов қалаларында көктайғаққа байланысты сабақ тоқтатылды

20.12.2021

Бүгін Семей мен Курчатов қалаларында көктайғаққа байланысты сабақ тоқтатылды. Семейде 1 мен 9 сынып оқушылары үшін екі ауысымда да сабақ онлайн форматқа көшірілген. Ал Курчатов қаласында бірінші ауысымда 1 мен 11 сынып оқушылары қашықтан оқыды. Кешелі бері өңірде күн жылып, түнде жаңбыр жауған. Қауіпсіздік үшін түнде Семей-Курчатов тас жолы жабылды. Сондай-ақ бүгін Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары және 12 облыста қатты желдің болуына байланысты ескерту жарияланды. 

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу