Семей көшелері көктайғаққа айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей көшелері көктайғаққа айналды

12.02.2015
Семей көшелері көктайғаққа айналды

Семейде күн күрт  жылып, жауған қардың соңы жаңбырға ұласты. Соның салдарынан қар еріп, қала көшелері көлге, жолдар көктайғаққа айналды.

Көлік қозғалысы қиындап, жаяу жүргіншілерге  қолайсыздық тудырды.

Көктайғаққа байланысты шығыс өңірде бірнеше қалааралық тасжолдар жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылды.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда.

Дмитрий Алябьев, Семей қалалық ТЖБ бөлім жетекшісі: 

Қазір қауіпті аумақтарда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мониторинг жүргізуде. Су басу қаупі бар деген жерлер бақылауда. Әсіресе, Ертіс өзенінің жағалауын назарда ұстаудамыз. Қала көшелері көктайғақ. Түске дейін сынық-жарақат бөліміне  бес адам түскен.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу