Семейде көктайғақ салдарынан мектептер мен колледждерде сабақ болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде көктайғақ салдарынан мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

10.02.2020

Семейде көктайғақ салдарынан қала мектептері мен колледждерде сабақ тоқтатылды. Ауа температурасы -2 градусқа дейін жылынып, жолдар көктайғаққа айналған. Қала іші мен сыртындағы тасжолдарда жүру де қиындады. 

Құбылмалы ауа райының салдарынан бірнеше республикалық маңызы бар жолдарда демалыс күндері қатынас қиындаған. Қар құсауында 50-ден астам көлік тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу