Шығыс Қазақстанда аязға байланысты сабақ болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда аязға байланысты сабақ болмайды

30.01.2020
Шығыс Қазақстанда аязға байланысты сабақ болмайды

Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты сабақтар болмайды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Білім басқарамасының мәліметіне сәйкес, 30 қаңтарда -30 градус аязға байланысты Семей қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. 

Сонымен қатар, Шемонаиха, Ұлан, Бородулихин, Күршім, Катонқарағай аудандары мен Курчатов және Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды. 

Сол аралықта Көкпекті, Бесқарағай аудандарында 1-ден 11-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды, ал Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сонымен қатар бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін де сабақ болмайды.


Хабарламаларға жазылу