Түркиядағы ең үлкен кітапхананың сөрелері қазақ авторларының шығармаларымен толықты. Бауырлас елмен мәдени байланысты бекіте түсу мақсатында Қазақстанның академиялық ұлттық кітапханасы 200-ге жуық кітапты Түркия Президенті жанындағы ұлттық кітапханаға сыйға тартты. Олардың арасында Абай мен Жамбыл шығармалары, Алаш қозғалысының тарихы, қазақтың салт-дәстүрі туралы сан түрлі сүбелі кітаптар бар. Игілікті шараға орай өткен конференцияда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы сан тарау жолы туралы жан-жақты мағұлмат айтылды. Азаттығымыздың 30 жылдығына орай Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырған жиында сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымаққа елеулі үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері «Абай» медалімен марапатталды.
Айхан Тұғлы, Түркия президенті жанындағы кітапхананың басшысы:
Қазақтар біздің бауырларымыз. Ата жұртымыз. Сондықтан осындай мәдени байланыстың маңызы зор. Бұған дейін Қазақстанның елшілігі бізге қазақша кітаптар сыйлаған болатын. Енді келер жылы біз де Қазақстанның ұлттық кітапханасына 250-ге жуық кітапты тарту ету үшін дайындап жатырмыз.
Айдос Әшімұлы