АҚШ-та «Омикронды» жұқтырғандардың көпшілігі – толық вакциналанғандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Омикронды» жұқтырғандардың көпшілігі – толық вакциналанғандар

14.12.2021

АҚШ-та коронавирустың «Омикрон» штамын жұқтырғандардың көпшілігі - толық вакциналанғандар. Және де олардың үштен бірі – үшінші екпе салдырғандар. Мұны Құрама Штаттардың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мәлімдеді. Оның дерегінше, Америкада ковидтің жаңа түрі 43 адамнан анықталған. Солардың 20-сы бұрын вакцинаның екі компонентін, 14-і үшеуін салдырған.

«Омикрон» алғаш рет қарашаның соңында Оңтүстік Африка мен Гонконгтан табылды. Содан бері ол АҚШ-тың 22 штатына тарап үлгерген.

Осы аптада жарияланған лабораториялық зерттеулерге жүгінсек, «Омикрон» Pfizer вакцинасының екі компонентінің қорғаныс күшін әлсіреткенімен, сол қорғаныс үшінші дозамен қалпына келтірілуі мүмкін.

Айта кетсек, АҚШ-та күшейтуші немесе бустерлік екпені 16 жастағылар мен одан асқандарға егуге рұқсат беріліп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу