Түркия мен Армения байланыстарын жақсартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Армения байланыстарын жақсартпақ

14.12.2021

Түркия мен Армения өзара байланыстарын жақсарту үшін арнайы өкіл тағайындап, Ыстанбұл мен Ереван арасындағы чартерлік рейстерді қайта жандандырмақ. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мұны түрік сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлімдеді. Министрдің сөзіне қатысты Никол Пашинян үкіметі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Түркия мен Армения арасында қазір дипломатиялық байланыс жоқ. Және де екі мемлекеттің шекарасы 1993 жылдан бері жабық тұр.

Тараптарлың араздасуына армяндардың 1915 жылы геноцидке ұшырауы және Қарабақ жанжалы себепші.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу