Атырауда модульді аурухана құрылысы аяқталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда модульді аурухана құрылысы аяқталып келеді

07.10.2020

Ақтөбеде шетелден келгендерге 440 орындық үш карантин стационары ашылды. Азаматтар екі тәулікке Аққағаз Досжанова атындағы жатақхана мен Мәртөк ауданы Жайсаң ауылындағы колледжге және Әлімбет елді мекеніндегі интернатқа жатқызылады. Індеттің екінші толқынына Атырауда да әзірлік қызу. Қалада салынып жатқан 200 орындық модульді типтегі аурухана құрылысының 85 проценті аяқталды. 275 орындық емдеу мекемесі өңірге қарасты Құлсары қаласында да тұрғызылып жатыр. 

Ержан Қалымбайұлы, Облыс әкімінің баспасөз хатшысы:    
-Қазір медициналық нысанның құрылысы өте қарқынды уақытылы жүргізіліп жатыр. Алдағы бір-екі аптаның ішінде толығымен тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Қызылордада 200 орындық модульдік аурухананың құрылысы басталды. Жаңа емдеу орны жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Індеттің екінші толқынына аймақ медицинасы осы бастан қамдануда. Жеңіл құрылыс материалдарынан салынатын аурухана «СOVID-19» инфекциясын жұқтырған науқастар емделеді. Әзірге құрылыстың алғашқы кезеңі жүріп жатыр. 

Жандос Темірғали

модульді аурухана Атырау

Хабарламаларға жазылу