Ақтөбеде құжатсыз «БТР» көлігі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде құжатсыз «БТР» көлігі табылды

10.12.2021

Ақтөбеде ешқандай құжатсыз «БТР-60» әскери техникасы табылды.

Полицейлер Россовхоз ауылы маңындағы карьер аумағында құжаты жоқ «БТР-60»  бронетранспортеріне тап болған. Көліктің карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам оны сатып алғанын айтқан. Полиция департаментінің мәліметінше, «БТР-де» қару-жарақ қондырғылары болмаған.

Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ер адам БТР-ды, шамамен, 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажетсіз болғандықтан сатпақ болғанын айтты. Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде. «БТР-60»  Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.


Хабарламаларға жазылу