Астанада көкөніс қоймасында жүк көлігі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көкөніс қоймасында жүк көлігі өртенді

06.01.2014
Астанада көкөніс қоймасында жүк көлігі өртенді
Астанада көкөніс қоймасында жүк көлігі өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
«Астана қаласының Алматы ауданында «СЗЦ АстанаАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көкөніс қоймасы аумағында «Volvo» жүк көлігі отқа оранды. Көліктің салонынан ер адамның денесі табылды», - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
 
Өрт 5 қаңтар күні таңғы сағат 09:01-де басталған. Тілсіз жау 09:26-да сөндірілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 55 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылған.

Хабарламаларға жазылу