Мексикада жол апатынан кемінде 53 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада жол апатынан кемінде 53 адам қаза тапты

10.12.2021

Мексиканың оңтүстігінде жол апатынан 53 адам қаза тауып, ондағаны жараланды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың көбі – Орталық Америкадан АҚШ-қа жол тартқан мигранттар. Олар мінген жүк машинасы шалт бұрылыста аударылып қалған.

Трагедия Чьяпас штатында өткен тәулікте болды. Мигранттар әдетте өз елдеріндегі зорлық-зомбылық пен кедейшіліктен және жұмыссыздықтан қашып, Мексика арқылы Құрама Штаттарға аттанады. Олар Америка шекарасына көбінесе адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтар жалдаған үлкен машиналармен барады.

Арыстан Рысбек


Мексика

Хабарламаларға жазылу