Мексикада көлік апатынан 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада көлік апатынан 19 адам қаза тапты

08.11.2021

Мексика астанасы маңында ірі көлік апатынан 19 адам қаза тапты. Үшеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ақылы жол бөлігінде бір жүк көлігінің тежеуіші істен шыққан. Ол кезекте тұрған өзге көліктерді соғып, артынша өрт тұтанды.

Куәгерлердің сөзінше, құрбандардың көбі - кәмелетке толмағандар. Олар өрт кезінде көліктен шыға алмай қалған. Жүк көлігінің жүргізушісі де қаза тапты. Куәгерлер оқиға орнына лезде полиция қызметкерлерін, жедел жәрдем көлігі мен өрт сөндірушілерді шақырған. Қазір апатқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы




Хабарламаларға жазылу