Австралияда орман өртінен 30-ға жуық үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда орман өртінен 30-ға жуық үй жанып кетті

09.10.2019

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орман өртінен 30-ға жуық үй жанып кетті. Тұрғындар ащы түтіннен дем алу мүмкін емес, сондай-ақ ішерге су жоқ деп дабыл қағуда. Өрттен құбыр желісі істен шыққан.

Соңғы бірнеше апта бойы елдің шығыс жағалауында орман өрті өршіп тұр. Сейсенбі күні Квинсленд штатында да тілсіз жау елді мекендерге қауіп төндіріп, бірнеше қала тұрғындарын эвакуациялауға тура келді. Қазір аталған екі штатта 40 шақты өрт ошағы тіркелген. Оларды сөндіру үшін мамандар тынымсыз жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, қыркүйекте аптап ыстықтан Австралияның мыңдаған гектар алқабы өртеніп, төтенше жағдай жарияланған еді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу