Англияда Омикрон штамының тарауына байланысты коронавирусқа қарсы күрес шаралары күшейтілді
Даунинг-стритте өткен баспасөз мәслихатында Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон қыс маусымына арналған үкіметтің ковидке қарсы жоспарын жариялады. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова соңғы жаңалықтарды айтады.
Ұлыбританияда «омикрон» штамының тарауына байланысты шектеулер күшейтілді
Марина Бекенова, тілші:
Англияда дүйсенбіден бастап, мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге кеңес беріледі. Ал жұмадан бастап, театр, кинотеатр сияқты жабық ғимараттардың басым көпшілігінде міндетті түрде маска тағу қажет. Бір аптадан кейін түнгі клубтар мен адамдар көп жиналатын жерлерде вакциналау төлқұжатын немесе тест нәтижесін көрсету міндеттеледі. Бірақ Борис Джонсон бұл локдаун емес, ал халық рождествоны мерекелеуден бас тартпауы керек деп мәлімдеді.
Борис Джонсон, Ұлыбритания Премьер-министрі:
Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Рождествоны атап өтуге болады. Бірақ ауаны желдетіп, қолды жуып, тест тапсыруды ұмытпау керек. Ең дұрысы - мерекелеу кезінде өзіңіздің және өзгелердің ковидтен аман екендігіне сенімді болғаныңыз абзал.
Бірнеше күн қатарынан елде күніне 100-ден астам адам ковидтің жаңа штамын жұқтырып жатыр. Биліктегілердің айтуынша, науқастардың саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені зерттеулерге сәйкес «омикрон» таралып кетуіне 2-3 күннің өзі жеткілікті.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауын 700-ден астам халықаралық байқаушы бақылайды
18.08.2026, 20:07