Басты Жаңалықтар Вашингтонда Ақ үйдің сыртқы қақпасына соқтығысқан көлік жүргізушісі ұсталды

Вашингтонда Ақ үйдің сыртқы қақпасына соқтығысқан көлік жүргізушісі ұсталды

Вашингтонда Ақ үйдің сыртқы қақпасына көлік соғылды. Полиция ереже бұзып, ғимарат мүлкіне зақым келтірген жүргізушіні қамауға алды. Күдіктінің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

АҚШ-тың Құпия қызметі тергеу жүргізіп жатыр. Өткен айда да осыған ұқсас оқиға тіркелген еді. Көлікті мас күйінде жүргізген Делавэр тұрғыны АҚШ президенті Джо Байденнің кортежіне соғылған. 

Жалғас Сәдібекұлы

Бөлісу