Тарбағатайлық тұрғындар қардың үстіне жол салғандарға наразы

08.12.2021

Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданының тұрғындары қыс ішінде жол салғандарға наразы. Қарасу ауылында қардың үстіне топырақ жайып, тегістеп жатқандарды тұрғындар таспаға түсіріп алған. Айтуларынша, 40 миллионға жуық қаражат бөлінген жұмыстың сапасы нашар. Оған қоса, мемлекеттік сатып алулар сайтындағы ақпаратқа сәйкес, жол жөндеу қыркүйек айында аяқталуы тиіс болған.

Ал жергілікті басшылар жол құрылысын жүргізуге мердігермен келісімшарт жасалғанымен, қаржы бөлінбеген дейді. Соған қарамастан компания өз есебінен жұмысты бастап кеткен.

Сұңғат Демесінов, Қарасу ауылының тұрғыны:

Құжаттарға сенетін болсақ, бұл шілде-қыркүйек айларында пайдаланауға берілуі керек болған. Қаражат бөлінген. 37 миллион. Мемлекетіміздің ауылды жерлерге көңіл бөліп, қаражат бөліп жатқанына рахмет! Бірақ та қыс ішінде төселген асфальттан, қыс ішінде жасалған жұмыстың нәтижесі қандай болады?

Серікбек Смағұлов, Тарбағатай аудандық ТҮКШ бастығының міндетін атқарушы:

Жолдың сапасы қазіргі заман талабына сәйкес келеді. 2021 жылға ешқандай қаражат бөлінбеген. 2022 жылы жоспарда бар.


Тарбағатай жол

Хабарламаларға жазылу