Ауғанстанда ұлттық валюта бір күнде 5 пайызға құнсызданды

08.12.2021

Ауғанстан ақшасы өткен тәулікте бірден бес пайызға әлсіреді. Ақша айырбастау пунктері 1 долларды алғаш рет 100 афганиден артық сомаға сатып жатыр. Бұл – ауған валютасының 20 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін түскен.

«Талибан» қозғалысы тамыздың ортасында билікке келді. Содан бері шетелдік ұйымдар мен донорлар тәліптер адам құқығын қорғамады деп, Кабулге қаржылай көмек беруді тоқтатып отыр. Осының нәтижесінде Ауғанстанда қымбатшылық пен жұмыссыздық дендеген. Қазір миллиондаған адамға ашаршылық қаупі төніп тұр.

Арыстан Рысбек


Ауғанстан ұлттық валюта

Хабарламаларға жазылу