Түркия парламентінде депутаттар төбелесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия парламентінде депутаттар төбелесті

10.12.2021

Түркия парламентінде бюджет жобасы мен экономикалық саясатты талқылаудың соңы төбелеске ұласты. Биліктегі партия мүшелері мен оппозициялық депутаттар бір-біріне қол жұмсады. Дебат кезінде Республикалық халықтық партия өкілі Эркан Айдын ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға «күдікті кәсіпкердің ұшағын неге пайдаландыңыз?» деп сауал қойған. Сойлу болса, Айдынды суайт деп атады.

Осыдан соң биліктің жақтастары мен қарсыластар бір-бірін балағаттап, жұдырықтасуға кірісті. Түрік парламентінде апта басында да жанжал шыққан. Республикалық партия үкіметті нашар қаржылық-экономикалық саясат пен қымбатшылық үшін айыптаған.

Еске салайық, өткен айда Түркияда инфляция деңгейі 21 пайызға көтеріліп, ұлттық валюта 30 пайызға құнсызданды. Бұл азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының өсуіне әкеп соқтырды.

Арыстан Рысбек


Түркия

Хабарламаларға жазылу