Болгариялық журналисті өлтірген күдікті Германияда табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгариялық журналисті өлтірген күдікті Германияда табылды

11.10.2018

Жемқорлықты әшкерелеген журналист Виктория Маринованы өлтірген күдікті Германияда табылды. Ресми мәліметтерге қарағанда, қастандық жасаған Северин Красимиров. Сыртқы істер министрі Младен Мариновтың мәлімдеуінше, күдіктінің ДНК көрсеткіштері, оқиға орнында анықталған іздермен сәйкес келеді. Әзірге Маринованың өліміне нақты оның жұмысы қатысты деп айтуға дәлелдер жеткіліксіз.

Естеріңізге салсақ, еліндегі атақты журналисті таяуда Русе қаласындағы саябақтардың бірінде өлтіріп кеткен. Ол зорланып, тұншықтырылған. Маринова «Детектор» деген бағдарламаның жүргізушісі болыпты. Ол Еуропалық Одақ қаржыландырған жобаларды жүзеге асыру кезіндегі ақша жымқырылғаны туралы эфирде айтқан. Журналистің өліміне қатысты полиция түрлі болжамдар жасады.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу