«Рfizer» екпесінің бағасы әзірге белгісіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рfizer» екпесінің бағасы әзірге белгісіз

06.12.2021

Ел өңірлері «қызыл» аймақтан түгел шықты. Сақтық шараларын күшейтсе «сары» аймақтан бас қала мен бес облыс та құтылады. Ал індетті тежеу жолы - вакцина. Препаратты әр кімнің қалауына қарай қабылдауға мүмкіндік жасалып отыр. Мысалы, Алматыда Pfizer екпесін енді ақша төлеп, кез келген адам салдыра алады. Ол үшін алдын-ала жазылу қажет. Вакцинаны әзірше 3 емханада салдыруға болады.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, арнайы санатқа жатпайтын, яғни 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналардан бөлек Comirnaty екпесін салдырғысы келетіндерге мүмкіндік берілмек. Қазір 3 мыңнан аса тұрғын осы екпені алуға өтініш білдірген. Алайда екпенің бағасы және ақылы вакцинациялау қашан басталатыны әзірге белгісіз. Ал осы күнге дейін елімізде Pfizer вакцинасын 126 мыңнан аса адам салдырды.

Лаура Мырзағали, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:

Денсаулық сақтау министрлігі өздерінде қанша департамент бар, онда өздерінің жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл Pfizer  ақылы түрде алынатын болса, бізде «СК-Фармация» бар. Солардың қоймалары арқылы бізге келеді. Бағасы белгілі болады. Әрбір облыста әртүрлі баға болмайтын шығар. Қазақстан үшін бір баға болады  деп  отырмыз.


Хабарламаларға жазылу