Елімізде жанармай бағасына енгізілген шекті баға мерзімі ұзартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жанармай бағасына енгізілген шекті баға мерзімі ұзартылмақ

22.12.2022

Елімізде жанармай бағасына енгізілген шекті баға мерзімі ұзартылмақ. Өйткені оның уақыты келесі айдың 9-ында аяқталуы тиіс. Бірақ Энергетика министрлігі солярка мен бензинге енгізілген шекті баға мерзімін ұзартуды көздеп отыр. Бірақ нақты қанша уақытқа екені әзірге белгісіз. Министрлік жариялаған бұйрық жобасына сәйкес, Ай-92 мен 93-тің шекті бағасы Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 187 теңге, өзге аймақтарда 182 теңге болып қала бермек. Ал дизельдің бағасы 230-260 теңге аралығында болмақ. Құжат әзірге ашық талқылауға шығарылған. Күшіне енген жоқ. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу