03.12.1991 жыл: Президент Еуропалық парламенттің өкілдерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

03.12.1991 жыл: Президент Еуропалық парламенттің өкілдерін қабылдады

03.12.2021

1991-жыл, 3-желтоқсан. Қазақ елі тәуелсіздігін жария етуге 13 күн қалған. Осыдан тура отыз жыл ұрын осы күні Қазақ КСР-нің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Парламенттің делегациясын қабылдады. Қазақ басшысы КСРО Президенті Михаил Горбачевпен, содан кейін Ресей Президенті Борис Ельцинмен телефон арқылы сөйлесті.

Осыдан 30 жыл бұрын Еуропалық Парламенттің өкілдері Алматыға алғаш рет келді. Еуроодақ Қазақстан ұстанған саясатқа қызығушылық танытты. Осылайша екі жақты ынтымақ 90-жылдардан бастау алды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: /1994 ж./
Батыс Еуропа мен Америка континентімен, батыс жақпен қарым-қатынасты жөнге салып кеттік. Оның себебі бар. Ең бірінші мәселе: біз үшін тәуелсіздікті нығайту. Ұлыбритания, Франция сияқты ядролық зор мемлекеттер қолдамаса тәуелсіздігімізді, қиын жағдай болғандықтан бірінші бәрін соған сарп еттік. 01.01
Еуропа елдерімен әріптестік байланыс отандық экономикаға тың серпін берді. Уақыт өте энергетика, көлік, сот әділдігі мен құқықтық тәртіп сияқты басқа да маңызды салалар бойынша қарым-қатынас орнады. Осылайша құрамында 27 мемлекет бар алып бірлестік пен Қазақстан арасында 30 жыл бұрын басталған ынтымақтастық бүгінде өз жемісін беруде.
Кестутис Янкаускас, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі:
Ағылшын тілі «Еуроодақ - Қазақстанның ең басты сауда және нивестициялық серіктесі. Қазақстан 200-ден астам мемлекеттің арасында сауда саласы бойынша қазір 33-орында тұр. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Энергетика мен көлік саласы бойынша айтарлықтай жетістігіміз бар. Бұған қоса, жасыл экономика мен цифрландыру аясында кешенді шараларымыз бар.
Бұл күндері Михаил Горбачев қызыл империяны сақтап қалуға әркеттеніп жүрген. Конфедеративті демократиялық мемлекет құруды көздеген әрекеті Жоғарғы Кеңес депутаттары тарапынан қолдау таппай қалды.
Уәлихан Қалижанов, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҰҒА академигі:
Горбачев бұл кезеңдерде тал қармағанның кейпінде болған адам ғой. Ортақ бір мемлкеттік тұрғысы өзгерген, бірақ ортақ мемлекет болуға тырысушылық болды. Бірақ оны алып қалу мүмкін емес еді. 
Жылдың аяғына қарай Шарттың да, жаңарған Одақтың да керегі болмай қалды. 70 жыл жарты әлемді билеген Кеңес Одағы біржола тарады. Горбачев өзінің президенттік қызметін тоқтататып, отставкаға кетті.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу