Н.Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады

25.02.2020

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Фульвио Мартушелло бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясын қабылдады.

Еуропалық Одақ біздің елдің стратегиялық әріптесі. Ынтымақтастық орнаған 27 жыл ішінде өзара іс-қимыл белсенді дамып келеді. Ал 1 наурыздан бастап күшіне енетін кеңейтілген әріптестік туралы келісім Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты қатынас тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Осылай деген спикер қазақстандық-еуропалық байланыстың барлық қырлары бойынша байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Өз кезегінде Мартушелло Қазақстанды Еуропа бойынша стратегиялық, ал Орталық Азия деңгейінде көшбасшы ел ретінде жоғары бағалайтынын жеткізді. Одан кейін партияаралық іс-қимыл аясында етене байланыс орнату маңыздылығына тоқталды.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу